ПОДЕЛИТЬСЯ
19 желтоқсан 2021 | 12:02
Филиппиндегі тайфун 75 адамның өмірін қиды
Филиппиндегі Рай тайфуны құрбандарының саны 75-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Филиппиндегі Рай тайфуны құрбандарының саны 75-ке жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бохол провинциясының губернаторы Артур Яп Facebook-те 49 адамның қаза тапқанын, тағы 10 адамның із-түзсіз жоғалғанын, 13 адамның жараланғанын хабарлады. Ол көптеген провинцияларда байланыс болмағандықтан, өзіне 48 әкімнің 21-і ғана есеп бергенін атап өтті.
Байланыстың үзілгені, соның салдарынан алынған деректердің әлі түпкілікті емес екені баса айтылады. Яп қаза тапқандар санының артуы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірді.
Lenta.ru сайтының хабарлауынша, желдің жылдамдығы сағатына 195 шақырымға жетеді. Билік зардап шеккен аймақтарға әскери, полиция, өрт сөндірушілер мен жағалау күзетшілерін жіберді. Филиппин әскери-теңіз күштерінің кемесі гуманитарлық көмекпен аралға бет алды.
Еске салайық, 16 желтоқсанда Филиппинді Рай деген атауға ие супер тайфуны соқты, желдің жылдамдығы секундына 54 метрді құрады. Ел шенеуніктері тайфунның болжамды бағытында 10 мыңға жуық елді мекен бар екенін айтты. Барлық рейстер тоқтатылды, теңіз қозғалысы тоқтатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также