19 қыркүйек 2021 18:46

Филиппиндік боксшы Пакьяо президенттікке үміткер болады

Фото: Sky Sports ©

Филиппиндік боксшы және сенатор, Мэнни Пакьяо атымен танымал Эммануэль Дапидран Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэнни Пакьяо "Филиппин демократиялық партиясы - Халық билігі" фракциясының (PDP-Laban) атынан үміткер болады.

"Сенатор Мэнни Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болатынын хабарлады", - делінген CNN Philippines-тің Twitter-дегі хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Бұған дейін "Филиппин демократиялық партиясы - Халықтың билігі" (PDP-Laban) Филиппин президенттігіне сенатор Кристофер Бонг Гоға үміткер болуды ұсынған, бірақ ол бұған мүдделі емес екенін айтқан болатын.
 
Сондай-ақ, қыркүйекте Филиппин президенті Родриго Дутерте PDP-Laban фракцияларының бірінің отырысында 2022 жылғы сайлауда ресми түрде вице-президенттікке үміткер ретінде ұсынылғаны белгілі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram