30 шілде 2021 16:22

Finiko компаниясының негізін қалаушы Кирилл Доронин ұсталды - БАҚ

Видеодан алынған

БАҚ-та Finiko-ның негізін қалаушылардың бірі Кирилл Доронин ұсталғаны туралы мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Татар-информ" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ-та Finiko-ның негізін қалаушылардың бірі Кирилл Доронин ұсталғаны туралы мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Татар-информ" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік былтыр желтоқсанда Қазан қаласының құқық қорғау органдары "Қаржы пирамидасын ұйымдастыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын, компания кеңселерінде тінту жүргізілгенін жазды.

2021 жылғы маусымда The Finiko компаниясына қатысты тергеу басталғаны туралы Алматы прокуратурасы хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, компания азаматтарды ай сайын төленген соманың 150 пайызына дейін (ең төменгі салым 500 доллар) сыйақы төлеу шартымен қызықтарған. Бұл ретте компания сайтында салымшылардың саны Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Түркия және басқа елдерден 165 мың адамнан асатыны көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі прокуратураның тапсырмасы бойынша компанияның қызметін тексерген болатын. Агенттік Finiko-ның жұмысында "қаржы пирамидасы мен қаржылық алаяқтықтың белгілері бар" деп бағалады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram