Финляндия шекарасын велосипедпен кесіп өтуге тыйым салды

© Мalukhin.ru

Финляндияның кеден қызметі елдің солтүстігіндегі шекарасын велосипедпен кесіп өтуге тыйым салды, - деп хабарлады РБК жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Айта кетейік, Финляндияның солтүстігінде Ресей орналасқан. 

Ереже тек Салла және Райя-Йоосеппи бекеттеріне қатысты. Осы кеден бекеттерінен елге автокөлік арқылы ғана кіруге рұқсат етілді. Бұл шешімге елге кіруге ниет білдірген велосипед мінген ресейлік босқындардың көбейіп кетуі себеп болып отыр. Бұдан бөлек қыста велосипед айдау жолаушылардың өміріне қауіп төндіретіні айтылды.

Басылымның мәліметінше, 26 желтоқсанда Салла бекетіне 5 адам мінген көлік келіп, ондағы жолаушылар Финляндиядан пана сұраған. Оларды автокөлікке мінгізіп әкелген Ресей азаматы жолаушыларды шекарадан заңсыз өткізді деп айыпталып отыр.  

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама