ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2022 | 12:23
Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру өтініші мақұлданды
АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Финляндия мен Швецияны НАТО-ға тез арада қабылдауға шақыратын қарарды бірауыздан қабылдады, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Финляндия мен Швецияны НАТО-ға тез арада қабылдауға шақыратын қарарды бірауыздан қабылдады, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Комитет мүшесі Джим Риштің айтуынша, өтінімді мақұлдау Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін қос партияның да қолдайтынын және альянсты нығайту керектігін білдіреді.
Еске салайық, мамырда аталған екі ел НАТО мүше болуға өтініш берген еді. Алайда Түркия Президенті Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамайынша альянсқа кірмейді деген болатын. Ердоғанның сөзінше, әскери блокқа мүше болу үшін бұл елдер терроризмді қолдауды тоқтатуы тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также