13 маусым 2022 | 07:14

Финляндия Швециясыз НАТО-ға мүше болудан бас тартады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: nrk.no

Финляндия президенті Саули Ниинисте НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергке Финляндия Швециясыз ұйымға мүше болудан бас тартатынын ескертті, - деп хабарлайды NRK телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Финляндия президенті Саули Ниинисте НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергке Финляндия Швециясыз ұйымға мүше болудан бас тартатынын ескертті, - деп хабарлайды NRK телеарнасы.

Ниинистенің айтуынша, егер Түркияның қарсылығына байланысты Швецияның мүшелігі кейінге шегерілсе, Финляндияда да НАТО-ға мүше болудан бас тартады.

"Себебі, Швецияның мәселесі біздікімен ортақ. Біз жақын араласатын елміз. Менің бұл шешімім бір мақсатпен алға жылжып келе жатқанымызды білдіреді", - деді Ниинисте.

Реклама
Реклама

Столтенберг Финляндияның НАТО-ға мүшелікке өтінішін талқылау үшін Финляндияға барады.

Еске салайық, мамырда екі ел НАТО мүше болуға өтініш берген еді. Алайда Түркия президенті Швеция мен Финляндия Анкараның талаптарын орындамай альянсқа кірмейді деген болатын. Ердоғанның сөзінше, әскери блокқа мүше болу үшін бұл елдер терроризмді қолдауды тоқтатуы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная