01 қазан 2021 | 14:28

Финляндияда қаракүзендерге коронавирусқа қарсы вакцина салынады

Фото: © РИА Новости

Финляндия қаракүзендерге коронавирусқа қарсы вакцина салдыратын Еуроодақтағы алғашқы ел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі финдік аң терісін өсірушілер қауымдастығының сайтына (FIFUR) сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Финляндия қаракүзендерге коронавирусқа қарсы вакцина салдыратын Еуроодақтағы алғашқы ел болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі финдік аң терісін өсірушілер қауымдастығының сайтына (FIFUR) сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, тері фермаларына коронавирустың тарауын тоқтататын FurcoVac арнайы вакцинасы жеткізіледі. Вакцинаны Хельсинки университетінің зерттеу тобы әзірледі.

Финляндияның азық-түлік қауіпсіздігі басқармасы вакцинацияға рұқсат берді. Алғашқы екпе жұмысары алдағы апталарда бастау жоспарланған.

Реклама
Реклама

"Финляндия жасалған вакцина Каннус қалашығы мен Хельсинки университетінің зертханасында сынақтан өтті. Зерттеу нәтижесі бойынша, жануарлардың вакцинаға әсері жақсы болған", - делінген хабарламада. 

FurcoVac препараты - бұл нормативтік талаптарға сәйкес келетін лицензияланбаған, тәжірибелік өнім. FIFUR қаракүзең фермаларында екпе екі кезең бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, вакцинаның үшінші үдеткіш дозасын енгізу туралы шешім қабылданады.

FIFUR  вакцинация жобасын басқаратын зерттеу директоры Юсси Пеурдың айтуынша, вакцинаны әзірлеу 2020 жылдың күзінде басталған. Жалпы, ұйымда вакцинаның жарты миллионға жуық дозасы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная