ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қыркүйек 2014 11:07
Франция әскері "Ислам мемлекеті" жасақтарының 4 қоймасын талқандады
Францияның екі әскери ұшағы Ирактың Фаллуджа қаласының маңында "Ислам мемлекеті" жасақтарының 4 қоймасын талқандады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Әскерилердің айтуынша, "Ислам мемлекеті" жасақтарының талқандалған қоймаларында лаңкестердің қару-жарақтары сақталған. Қазірше әуе соққысынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, бұл – Франция әуе күштерінің Ирактағы содырлар нысандарына жасаған екінші шабуылы. Алғаш рет әскерилер өткен аптада АҚШ-пен бірлесіп соққы жасаған болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу