Франция президенті эротикалық романның авторы екені анықталды

Бриджит пен Эмманюэль Макрон. © Ludovic MARIN / REUTERS

Францияны? ?азіргі президенті Эмманюэль Макрон 16 жасында ?зіні? м??алімі Бриджитке арнап эротикалы? роман жаз?аны аны?талды, ол кейін сол ?йелге ?йленді. Б?л ж?нінде жа?ында жары??а шы?атын президентті? ?йеліні? биографиясына сілтеме жасап Closer журналы жазды.

Францияның қазіргі президенті Эмманюэль Макрон 16 жасында өзінің мұғалімі Бриджитке арнап эротикалық роман жазғаны анықталды, ол кейін сол әйелге үйленді. Бұл жөнінде жақында жарыққа шығатын президенттің әйелінің биографиясына сілтеме жасап Closer журналы жазды.

Кітапта Макронның көршісінің сөзі келтірілген, ол 1993 жылдары мәтін теру арқылы ақша тапқан көрінеді. "Бірде ол 300 беттік кітапты теріп беруімді өтінді, ол сол кезде жазып бітірген екен. Ол мықты роман болатын, қызықты! Есімдер әрине ойдан шығарылған, бірақ, менің ойымша, ол сол кездегі сезімін көрсеткісі келген", - делінген биографияда.

Францияның бірінші ханымы туралы кітап 17 қаңтарда сатылымға шығады.

Реклама
Реклама

Эмманюэль Макрон мектепте француз тілінен сабақ берген, театр үйірмесін жүргізген Бриджитке 2007 жылы үйленді. Lenta.ru мәліметтеріне қарағанда, Франция президентінің жұбайы өзінен 24 жас үлкен. Олардың ортақ баласы жоқ, бірақ Макрон әйелінің бірінші некеде туған бір ұлы мен екі қызын асырап алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама