ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 қараша 2016 19:10
Францияда ірі терактінің жолы кесілді
Францияның құқық қорғау органдары жеті адамды ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Олар Страсбургте теракт жасамақшы болды деген күдікпен ұсталған.
Күдіктілер 20 қарағаша қараған түні Страсбургте және Марсельде қамауға алынған. Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандардың ішінде Франция, Марокко және Ауғанстанның 29-дан 37 жасқа дейінгі азаматтары бар. ІІМ басшысы Бернар Казнев жыл басынан бері елде террористік топтарға қатысы бар деген күдікпен 418 адам ұсталғанын хабарлады.
Антитеррористік операцияның рождество жәрмеңкесіне бір апта қалғанда жүргізілгені айтылып отыр. Жәрмеңке 25 қарашада өтуі тиіс. Рождество жәрмеңкесіне жыл сайын екі миллионға жуық турист жиналады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу