24 маусым 2021 | 18:08

Франция Apple компаниясын сотқа берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Франция Apple компаниясын App Store келісімшарттарына байланысты сотқа берді, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Франция Apple компаниясын App Store келісімшарттарына байланысты сотқа берді, - деп хабарлайды Reuters.

Франция соты Қаржы министрлігінің Apple-ге қарсы сот отырысын 17 қыркүйекке белгілеген. Онда қосымшасын алпауыт цифрлық дүкен App Store-да сатқысы келетін құрастырушылар мен стартап бастамларға қатысты келісімшарт талаптары әділетсіз болуына байланысты тыңдалым болады.

Тергеудің бастамашысы елдің қаржы министрі Бруно Ле Меран. Оның қарамағындағы монополияға қарсы орган жүргізген үш жылдық тергеуден кейін сот отырысы тағайындалған.

Реклама
Реклама

Францияда қаржы министрі бизнесті жүргізу бойынша келісімшарттарда теріс қылықтар анықтаса, заң бойынша компанияларды сотқа беруге мүмкіндігі бар.

Reuters агенттігі мәліметі бойынша, іске Францияның жетекші стартап лоббиі France Digitale қосылған.

"Коммерциялық сот Apple-ді жазалайды. Бұл қолданыстағы заңдар Apple сияқты жүйелік платформаны реттеуге мүмкіндік бермейтінінің дәлелі болады", - деді France Digitale Еуропалық желісінің басшысы Николас Брайен.

Париждің коммерциялық соты қараған іс айтарлықтай айыппұлға әкелуі екіталай. Алайда сот iPhone өндірушісінен App Store келісімшартының кейбір бөлімін өзгертуді талап етуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная