18 қыркүйек 2021 12:03

Франция ел тарихында алғаш рет АҚШ пен Аустралиядағы елшілерін шақыртып алды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: РИА Новости.

Франция СІМ басшысы Жан-Ив Ле Дриан Канберраның сүңгуір қайықтар келісімшартын бұзуына байланысты АҚШ пен Аустралиядағы елшілері Парижге шақырылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция тарихта алғаш рет АҚШ пен Аустралиядан елшілерін шақыртып алды, деп хабарлайды RTL радиостанциясы.

Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің өкілі Эмили Хорн Париж кеңесу үшін Вашингтондағы елшісін шақыртқаннан кейін АҚШ әкімшілігі Франция билігімен тығыз байланыста екенін және алдағы күндерді келіспеушіліктерді шешуге арнауға ниетті екенін айтты.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Аустралия AUKUS қорғаныс және қауіпсіздік саласында Ұлыбритания және АҚШ-пен серіктестік орнатып, Naval Group француз компаниясымен сүңгуір қайықтар туралы келісімнен шыққанын мәлімдеді. 56 миллиард еуро тұратын келісім Barracuda класындағы 12 суасты қайықтарын жасауды көздеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram