ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2020 | 09:06
Франция президенті израильдік полицейлерге айғайлады
Франция президенті Эммануэль Макрон Иерусалимде израильдік полицейлермен жанжалдасып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Франция президенті Эммануэль Макрон Иерусалимде израильдік полицейлермен жанжалдасып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Twitter желісінде жарияланған видеода Макронның полицейлермен жоғарғы тонда сөйлесіп тұрғаны түсірілген. "Менің алдымда тұрып істегендеріңіз ұнамады, шығыңыздар", - дейді Франция президенті.
"Біздің әлем керемет, сіздер өз қалаларыңызда тамаша жұмыс атқарып жүрсіздер, мен оны бағалаймын. Өтініш, ғасырлар бойы сақталған ережені сыйлаңыздар, олар менімен бірге өзгеріп салмайды. Өтініш, барлығыңыз ережені сыйлаңыздар", - дейді Макрон.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға Әулие Анна базилигіне кіру кезінде болған және Франция президенті полицейлердің өзімен бірге кірмекші болғанына ашуланған.
French President Emmanuel Macron gets testy with Israeli police in the church of Sainte Anne, Old City of Jerusalem. pic.twitter.com/14NjxLPvLA
— Noga Tarnopolsky (@NTarnopolsky) January 22, 2020
Показать комментарии
Читайте также