ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2021 | 11:53
Франция цирк қойылымдарында жыртқыш жануарларды пайдалануға тыйым салды
Франция парламенті жабайы жануарларды сатып алуға, өсіруге және цирктерге сатуға тыйым салатын жануарлар құқығын қорғау туралы жаңа заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Франция парламенті жабайы жануарларды сатып алуға, өсіруге және цирктерге сатуға тыйым салатын жануарлар құқығын қорғау туралы жаңа заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 2020 жылдан бері талқыланып жатқан заңнама арыстан, жолбарыс және аю сияқты жабайы жануарлар пайдаланатын шоуларға тыйым салады және 2024 жылы күшіне енеді.
Сондай-ақ, жабайы жануарларды телебағдарламаларда, түнгі клубтарда және жеке кештерде пайдалануға, терісі үшін күзен өсіруге де заң бойынша тыйым салынатыны айтылды.
Сонымен қатар, жаңа заң жануарларға қатыгездік жасағаны үшін ең жоғары жазаны бес жылға бас бостандығынан айыруға және 75 000 еуроға (36 миллион теңге) айыппұл салуға дейін көтереді.
Франция президенті Эммануэль Макронның орталық партиясы "Қозғалыстағы республика" (LREM) бұл заңды жануарлар құқығындағы "тарихи қадам" деп атады. Сауалнамалар Франциядағы адамдардың көпшілігі жабайы цирк жануарларын пайдалануға тыйым салуды қолдайтынын көрсетті.
Алайда көшпелі цирк иесі және цирк жануарларын жаттықтырушылар француз кәсіподақ ұйымының жетекшісі Уильям Кервич оның мүшелері сотқа шағымданып, наразылық білдіретінін айтты. Айта кетейік, Францияда 120-ға жуық цирк бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также