ПОДЕЛИТЬСЯ
12 сәуір 2022 | 09:13
Франция тыңшылық жасады деген күдікпен 6 ресейлік дипломатты елден шығарды
Франция тыңшылық жасады деген күдікпен алты ресейлік дипломатты елден шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Франция тыңшылық жасады деген күдікпен алты ресейлік дипломатты елден шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Францияның Сыртқы істер министрлігі ішкі барлау агенттіктері жүргізген тергеу нәтижесінде Францияның ұлттық мүдделеріне қайшы әрекет етті деген қорытындыға келген алты ресейлік дипломатты тыңшы деп жариялады.
"Ұзақ уақытқа созылған тергеу нәтижесінде Ішкі қауіпсіздік бас дирекциясы (DGSI) ресейлік барлау қызметтерінің біздің аумақта жүргізген жасырын операциясын әшкереледі", - делінген хабарламада.
"Ресей тиісті түрде жауап береді", - деді Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
Еске салайық, осы айдың басында Франция Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде 35 ресейлік дипломатты елден шығарған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также