Францияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерге тыйым мақұлданды

Францияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерге тыйым мақұлданды depositphotos.com

Францияда Ұлттық жиын (парламенттің төменгі палатасы) мен Сенат (парламенттің жоғарғы палатасы) депутаттары 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салу туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Шектеулер жаңа оқу жылының басында - 1 қыркүйектен бастап күшіне енуі мүмкін. Парламенттің қос палатасы мақұлдағаннан кейін заңға президент Эммануэль Макрон қол қояды деп күтіліп отыр. Осылайша, Франция Еуропалық Одақ елдерінің ішінде мұндай шараны бекіткен алғашқы мемлекет болмақ.

Заң жобасына сәйкес, 15 жасқа толмаған тұлғаларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салынады. Сонымен қатар онлайн-платформаларға осы жас тобындағы кәмелетке толмағандардың қолданыстағы аккаунттарын жою үшін 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін уақыт беріледі.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ заң жобасы жоғары сыныптарда ұялы телефон пайдалануға тыйым салады және әлеуметтік желілерді Францияның дербес деректерді қорғау саласындағы реттеушісінің талаптарына сәйкес жасты тексеру тетіктерін енгізуге міндеттейді.

Бұл мақсатта, атап айтқанда, Еурокомиссияның бастамасымен әзірленіп, ЕО-ға мүше бірқатар елде сынақтан өткен қосымша қолданылуы мүмкін.

Бұл заң жобасы Францияның денсаулық сақтау саласындағы қадағалау органы 2025 жылғы желтоқсандағы есебінде TikTok, Instagram және Snapchat сияқты платформалардың балаларға тигізетін зиянды әсері туралы ескерткеннен кейін пайда болды. Ықтимал қауіп-қатерлер ретінде өзіне-өзі сенімділіктің төмендеуі, өзіне зақым келтіру, суицид және есірткі тұтыну жағдайларының артуы мүмкін екендігі аталды.

Статистика мәліметтері бойынша, әрбір екінші жасөспірім күніне екі сағаттан бес сағатқа дейін уақытын смартфонмен өткізеді, ал олардың 58 пайызы телефонды әлеуметтік желілерге кіру үшін пайдаланады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама