ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қазан 2019 | 09:20
Францияда белгісіз біреулер 11 қыркүйек оқиғасын қайталамақ болған
Франция тәртіп сақшылары 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығында болған терактіні қайталамақшы болған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Франция ІІМ Кристоф Кастанерге сілтеме жасаған France Info радиоарнасы ақпарат таратты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Министрдің сөзінше, "11 қыркүйектен шабыт алған" күдікті ұшақ ұрламақ болған. Ол өткен айда тұтқындалды. Бірнеше ай бойы оның іс-әрекетін әлеуметтік желі арқылы бақылаған.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, күдікті - 30 жастағы француз азаматы.
Франция ІІМ басшысы бұл тұтқындау Франциядағы 2013 жылдан бергі 60-шы лаңкестік шабуылдың алдын алу екенін атап өтті.
Показать комментарии
Читайте также