Францияда бортында 6 адамы бар тікұшақ апатқа ұшырады

Фото: Global Look Press/imagebroker.com

Францияда бортында алты адам болған тікұшақ сейсенбіде кешке Альпідегі Савойя департаментінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Францияда бортында алты адам болған тікұшақ сейсенбіде кешке Альпідегі Савойя департаментінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға 1800 метр биікте болған.

"Француз әуе навигациялық қызметінің тікұшағы сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:00-де) апатқа ұшырады. Бортта төрт қызметкер мен екі құтқарушы болды", - деп хабарлады департамент префектурасының өкілі.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар тікұшақтың бортында болған алты адамды іздестіріп жатыр. Префектураның коммюникесінде дабыл белгісін сағат 19.10-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00.10-да) "катапульт жасай алған тікұшақ ұшқышы" бергені айтылған.

Іздестіру үшін 40 құтқарушы, үш тікұшақ жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама