20 шілде 2021 | 18:09

Францияда COVID-19-дың төртінші толқыны басталды - БАҚ

Фото:elements.envato.com

Франция билігі елде COVID-19-дың төртінші толқыны басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі iz.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Франция билігі елде COVID-19-дың төртінші толқыны басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі iz.ru сайтына сілтеме жасап.

"Елде коронавирус пандемиясының жаңа толқыны басталып, алдыңғы жағдайлардан анағұрылым тез қарқынымен тарап жатыр", - деді үкімет өкілі Габриэль Аттал.

Шенеуніктің айтуынша, бір апта ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 125 пайызға артқан, олардың 80 пайызы дельта штамын жұқтырған. Ресми мәлімет бойынша, Париж сауда орталықтарында азық-түлік пен негізгі қажеттілік заттарын сатып алуға арналған іріктеп өткізу жүйесі сақталады. 9 шілдеде Франция билігі "дельта" штамын жұқтыру жағдайы елде басым екенін атап өтті. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол республика үкіметі COVID-19-бен күресу шараларын қатаңдату туралы заң жобасын мақұлдағанын айтты. Енді карантинді бірінші рет бұзған азаматтарға 1,5 мың еуро айыппұл салынып, жағдай қайталанса бұл сомма 9 мың еуроға дейін көтерілуі мүмкін.

Бұған дейін Франция билігі карантин режимі 15 сәуірде аяқталады деп жоспарланғанын хабарлаған еді. Алайда 9 мамырда үкімет коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай 10 шілдеге дейін созылатыны туралы заң жобасын қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная