14 мамыр 2020 12:22

Францияда карантин талаптары қайта күшейтілуі мүмкін

Фото: © REUTERS

Франция президенті Эммануэль Макрон министрлер кеңесінің отырысында үкіметке карантин талаптарын қайта күшейтуге дайын болуын керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция президенті Эммануэль Макрон министрлер кеңесінің отырысында үкіметке карантин талаптарын қайта күшейтуге дайын болуын керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Президент коронавирус пандемиясына байланысты мемлекет үш қауіпті кезеңнен өтетінін, бұл кезеңде тұрғындарға қайта оқшаулануына тура келуі мүмкін екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Макронның пікірінше, бірінші қауіпті кезең - мамырдың соңы мен маусымның басы. Бұл католиктердің діни мерекесі - Елуінші күнмен байланысты. Бұл уақытта адамдар демалады. Сондықтан олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы мүмкін.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы алдағы жазғы демалыс маусымына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оның барысында басқа елдерге сапарлар саны артады.

Үшінші қауіпті кезеңді Эммануэль Макрон әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауымен байланыстырды.

"Синьхуа" агенттігі 11 мамырда Францияда күшейтілген карантин талаптары жеңілдегенін атап өтті. Қалалаларда дүкендер ашылып, кейбір кәсіпорындар жұмысын бастады. 

Сонымен қатар, тұрғындар арнайы рұқсатсыз үйден 100 шақырым қашықтықта қатынауға рұқсат берілді.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, Францияда 178 184 адам коронавирус жұқтырған, 58 786 науқас вирустан айықты. Ал 27 077 адам көз жұмды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram