Францияда қоғамдық орындарда маска тағу міндеттелді

Фото ©REUTERS

Францияда 20 шілдеден бастап көп адам жиналатын жабық орындарда маска тағу міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Францияда 20 шілдеден бастап көп адам жиналатын жабық орындарда маска тағу міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Франция денсаулық сақтау министрі жаңа шара туралы мәлімдеді. Адамдар келетін дүкендер, базарлар, музейлер, банктер және қоғамдық орындарда маскасыз жүруге болмайды. Сондай-ақ ведомстводағылар Францияда коронавирусты жұқтырғандар көбейгенін атап өтті.

Елдің премьер-министрі Жан Кастекс бұл шара коронавирустың екінші толқылынын болдырмау үшін жасалып отырғанын айтты.

Реклама
Реклама

Бұған дейін тек қоғамдық көлікте және әлеуметтік қашықтық сақтау мүмкін емес жерлерде маска тағу міндет болатын. Жаңа қаулыға сәйкес, маска тағу режимін бұзғандар 135 евро айыппұл төлейді. 

ДДҰ деректеріне сүйенсек, Францияда 164 247 адам коронавирус жұқтырған. 30 046 науқас қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама