11 желтоқсан 2018 | 09:25

Францияда төтенше жағдай жарияланды

Laurent Cipriani / AP Photo

Франция президенті Эммануэль Макрон елде төтенше экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жарияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол кеше, 10 желтоқсанда BFMTV эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Франция президенті Эммануэль Макрон елде төтенше экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жарияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол кеше, 10 желтоқсанда BFMTV эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы наразылық білдірушілерді сабырға және тәртіп сақтауға шақырды.

Реклама
Реклама

Макрон 2019 жылдан бастап елде ең төменгі жалақы 100 еуроға өсетінін, ал жыл соңында берілетін сыйлықақыға салық салынбайтынын айтты.

Осы ретте Макрон Франциядағы ірі кәсіпорындар мен бай азаматтардың мемлекетке осы дағдарысты жеңуге көмектесуі керектігін айтады. Ол осы аптада ірі компаниялардың өкілдерін жинап, осы мәселе бойынша шешім қабылдауға уәде берді.

Сондай-ақ, Макрон байлыққа салынатын салықты қайтармайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, осының салдарынан елдің экономикасына ешқандай инвестиция келмейді.

Айта кетейік, Франциядағы тәртіпсіздіктер қазан айының ортасында басталған болатын. Халық бензин салығының қымбаттайтынына наразылық білдірген еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная