ПОДЕЛИТЬСЯ
10 ақпан 2022 | 11:46
Франциядағы ақша фабрикасында алапат өрт шықты
Францияның Шамальер қаласындағы банкнот фабрикасында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Францияның Шамальер қаласындағы банкнот фабрикасында алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.
Желіде жарияланған кадрларда Орталық банктің ақша шығаратын фабрикасынан алапат өрт шыққаны көрінеді. Өрт фабрика зертханасында шыққаны хабарланды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрттен зардап шеккендер жоқ, бірақ 34 адам жеңіл жарақат алып, жақын маңдағы Клермон-Ферран ауруханасына жеткізілген. Фабрикада 387 зауыт жұмысшысы болған, олар оқиға орнынан эвакуацияланды.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер алапат өрттің таралуын азайтты. Өртті сөндіруге 60 өрт сөндіруші мен 24 арнайы техника жұмылдырылды.
Зауыт директоры Пьер-Ив Буассино өрттің өндіріске әсер ететінін айтты.
"Бұл сөзсіз өндіріске әсер етеді, бірақ бақытымызға орай өндіріс құралдарына әсер етпеді. Тиісті шараларды қабылдаудың арқасында өртті ауыздықтай алдық. Себебі, бұдан да жаман болуы мүмкін еді", - деді ол.
Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ, билік тергеу жүргізілетінін айтты.
Атап өткендей, Шамальер фабрикасында Еуропалық Одақ банкноттарының бестен бір бөлігі шығарылады. Жылына шамамен 2,5 миллиард банкнот басылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также