02 желтоқсан 2018 | 13:45

Франциядағы ереуіл: 260 адам қамалды

© РИА Новости

Францияда ереуілдер салдарынан 260 адам қамауға алынды. Париждегі бейберекетсіздіктен 110 адам зардап шекті, алты ғимарат өртеніп кетті. Бұл туралы Франция ІІМ басшысы Кристоф Кастанер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияда ереуілдер салдарынан 260 адам қамауға алынды. Париждегі бейберекетсіздіктен 110 адам зардап шекті, алты ғимарат өртеніп кетті. Бұл туралы Франция ІІМ басшысы Кристоф Кастанер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Париж қаласының өрт сөндірушілері 187 жерде өрт сөндіру жұмыстарымен айналысты, алты ғимаратқа шабуыл жасалды. Алты ғимарат толықтай өртеніп кетті", - деді француз министрі BFMTV телеарнасының эфирінде. 

Реклама
Реклама


 © Reuters

Кастанердың айтуынша, наразылық акциясы кезінде 110 адам зардап шеккен, оның ішінде 20-сы полиция қызметкері. Бір адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр екен. 


© Reuters

Сенбіде бензин мен дизель отынының бағасы көтерілуіне қарсы шыққан "жасыл желетке" наразылық акциясын ұйымдастырушылары полициямен қақтығысып, Парижде бірнеше көлікті өртеп жіберген. 


© РИА Новости

Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинада баспасөз конференциясын өткізіп, зорлық-зомбылық әрекеттеріне барған адамдар заң алдында жауап беретінін айтты. 


© РИА Новости


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная