09 желтоқсан 2020 15:59

Франциядағы мұғалімнің өлімі: тағы 5 адам ұсталды

©REUTERS

Францияның терроризмге қарсы полиция бөлімінің (SDAT) қызметкерлері тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патидің өліміне қатысты тағы 5 адамды ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияның терроризмге қарсы полиция бөлімінің (SDAT) қызметкерлері тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патидің өліміне қатысты тағы 5 адамды ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Parisien газетінің мәліметінше, 18-21 жас аралығындағы жігіттер мұғалімге шабуыл жасаған Абдуллах Анзоровпен байланысқа түсті деп күдікке ілініп отыр.

Реклама
Реклама

Барлық күдікті Анзоров сияқты Шешенстан тумасы. Оларды ұстау операциясын Жоғарғы Луар және теңіз жағалауындағы Сена полиция департаменттері жүргізді.

Франциялық БАҚ-тың хабарлауынша, мұғалімді өлтіру қылмыстық ісі бойынша сотқа 14 адам тартылған. Олардың бесеуіне қылмысқа қатысы бар деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, қайғылы оқиға 16 қазанда Париж маңында болған еді. Тарих пәнінің мұғалімі сабақта Мұхаммед Пайғамбар бейнеленген карикатураларды талқылаған. Жұмыстан кейін оны Абдуллах Анзоров өлтірген.

Куәгерлердің айтуынша, ол "Аллаһу әкбар" деп айғайлаған. Кейін Анзоровты полиция атып өлтірді.

Франция прокуратурасының мәліметінше, Абдуллах Анзоров 2002 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Ұлты - шешен. Францияда босқын мәртебесін алып, тұрып жатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram