11 наурыз 2021 09:23

Франциялық мұғалімнің өлімі: оқушы қыз жала жапқанын мойындады

Тарих мұғалімі Самюэль Пати. © Facebook

Париждік мектептің 13 жастағы оқушысы өтірік айтқанын, салдарынан тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патидің басы кесілгенін мойындады, - деп хабарлайды Fox News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париждік мектептің 13 жастағы оқушысы өтірік айтқанын, салдарынан тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патидің басы кесілгенін мойындады, - деп хабарлайды Fox News.

ВВС мәліметінше, қыз әкесіне ойдан шығарылған оқиғаны айтып берген, 47 жастағы мұғалім Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсетуге қарсы оқушылардан сыныптан кетуін сұраған, ал қыз оған қарсы шыққан екен. Бұдан кейін ол екі күнге сабақтан шеттетілгенін де айтқан. Мұны естігеннен кейін қыздың әкесі мұғалімнің үстінен шағым түсірген болатын.

Он күннен кейін 18 жастағы Абдуллах Анзоров мұғалімді бауыздап кеткен. Кейін Анзоровты полиция атып тастаған болатын. 

Реклама
Реклама

Ал қазіргі уақытта "мұғалім оқушылардан сыныптан шығып кетуін сұраған" күні оны айыптаған қыз мектепте болмағаны анықталып отыр. 

Франциялық Le Parisien газетінің мәліметінше, ол мектепке бармай жүргені үшін сабақтан шеттетілген, сондықтан мұны әкесіне айтқысы келмеген.  

Дүйсенбіде оқушының адвокаты қыз сыныпта болмағанын, себебі ауырып қалғанын айтқан. 

"Ол өтірік айтты, өйткені сыныптастары одан бұл жағдайда ресми куәгер болуды сұрады, ол өзін қақпанға түскендей сезінді", - деді оның адвокаты Мбеко Табула France-Presse агенттігіне берген сұхбатында.

Independent хабарына қарағанда, құқыққорғаушының сөзінше, қыздың әкесі "шамадан тыс әрекет жасағаны" үшін кінәлі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram