Францияның батысындағы түрмеде белгісіз біреу адамдарды кепілге алды

Францияның батысындағы түрмеде белгісіз біреу адамдарды кепілге алды © REUTERS

Францияда белгісіз біреу тергеу изоляторында адамдарды кепілге алды. Бұл туралы BFM хабарлады.

Оқиғаның елдің батысындағы Ле-Ман қаласында болғаны айтылады. Белгісіз біреу қамалған адам мен абақтының қызметкерін кепілге алған. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына арнайы бөлімшелер жөнелтілді. РИА Новости басылымының мәліметінше, кепілге алған адам басқа түрмеге ауыстыруды талап етіп отыр екен.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама