17 мамыр 2023 | 16:00

Францияның бұрынғы президенті Саркози бір жылға бас бостандығынан айырылды

Фото:instagram.com/nicolassarkozy

Париждің апелляциялық соты экс-президент Николя Саркозиді "телефонды тыңдау ісі" бойынша бір жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Париждің апелляциялық соты экс-президент Николя Саркозиді "телефонды тыңдау ісі" бойынша бір жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Саркози 2021 жылы сыбайлас жемқорлық, құпия телефон желісімен тыңдау әрекеттерін жасады деп айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның екі жылы шартты түрде, ал қалған бір жылын электрон білезікпен үйқамақта өтейді.

Тергеу мәліметінше, Саркози адвокатының көмегімен судья Жильберт Азиберге Монако Князьдігінде қызметке тұруға көмектесуге уәде берген. Дегенмен, мәміленің өзі тегін болған жоқ. Мәселен, Саркози судьядан 2013 жылы оның "сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру" ісі бойынша тергеу барысы туралы құпия ақпарат сұраған.

Реклама
Реклама

Дәлел ретінде тергеуге тыңдалған біршама телефондар әкелінді. Осыдан кейін Саркозиге "телефонды тыңдау ісі" бойынша айып тағылды. Айыптау қорытындысы Саркози мен оның бұрынғы адвокаты Тьерри Герцог арасындағы әңгімеге байланысты анықталған.

2022 жылдың 5 желтоқсанында бұл іс бойынша апелляциялық сот процесі басталды. Саркозимен бірге оның басқа айыпталушылары адвокат Эрзог пен судья Азибер де аппеляциялық шағым түсірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная