03 желтоқсан 2020 | 08:23

Францияның экс-президенті коронавирустан қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

д'Эстен атындағы қор өкілдерінің айтуынша, экс-президент коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы Europe 1 радиосы хабарлады.

Реклама
Реклама

Қарашаның ортасында саясаткердің ауруханаға жатқызылғаны айтылған. 20 қарашада ол үйіне шыққан.

д'Эстен қыркүйекте де өкпесіне суық тиіп ауруханада жатқан. Ол кезде дәрігерлер коронавирусты анықтамаған және науқас тез арада үйге шығарылған.

Валери Жискар д'Эстен 1926 жылы Францияның Германия территориясынан басып алған Кобленцте дүниеге келген. 

1974 жылы Помпиду қайтыс болғаннан кейін Жискар д'Эстен президент сайлауында жеңіске жетті. 1981 жылы ол қайта президент сайлауында жеңіліп қалды. Содан кейін Франция академиясының мүшесі болды, Франция Конституциялық кеңесінің отырыстарына қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная