ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қыркүйек 2021 | 10:02
Францияның мемлекеттік хатшысы бүкіл Еуропаның Аустралияға сенімі жоғалғанын мәлімдеді
Франция СІМ жанындағы мемлекеттік хатшы Клемен Бон Аустралия Франциямен сүңгуір қайықтар туралы келісімшартты бұзып, Париждің ғана емес, бүкіл Еуропаның сеніміне күмән келтіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Франция СІМ жанындағы мемлекеттік хатшы Клемен Бон Аустралия Франциямен сүңгуір қайықтар туралы келісімшартты бұзып, Париждің ғана емес, бүкіл Еуропаның сеніміне күмән келтіргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Аустралия үкіметі Вашингтонның немесе Лондонның артына тығыла алмайды. Ол егеменді мемлекет ретінде шешім жасады, ал Америка өз мүдделерін қорғай бастады. Сондықтан еуропалықтар іс-әрекетке көшіп, автономиясын күшейтуі керек.
"Мен қазір аустралиялық серіктестерімізге қалай сене алатынымызды білмеймін. Бұл Францияға қарсы қадам емес, бұл Еуропаның сеніміне нұқсан келтірді", - деді Бон.
Бұған дейін Франция СІМ басшысы Жан-Ив Ле Дриан келісімшарттың бұзылуына байланысты АҚШ пен Аустралиядағы елшілерін кеңесу үшін қайтарғанын хабарлаған болатын.
Ал Вашингтон француз билігімен тығыз байланыста екенін және алдағы күндерді келіспеушіліктерді шешуге арнауға ниетті екенін айтты.
Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, АҚШ президенті Джо Байден және Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы AUKUS атты жаңа серіктестігін құратынын жариялады. Осыған байланысты Канберра франциялық Naval Group компаниясымен суасты қайықтары туралы келісімшартты бұзды. Айта кетейік, "Ғасыр келісімшарты" атанған 56 миллиард еуроның келісімі Barracuda класындағы 12 соққы жасайтын суасты қайықтарын жасауды көздейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также