Францияның оңтүстік-батысында екі жарылыс болды

Францияның оңтүстік-батысында екі жарылыс болды © sunhome.ru

Францияның оңтүстік-батысындағы өнеркәсіптік аймақта екі жарылыс болды, - деп хабарлайды Lifenews.ru.

Басылымның хабарлауынша, екі жарылыс Францияның оңтүстік-батысындағы Басенс елді мекенінің маңында болған. Жарылыстың салдарынан кәсіпорында өрт шығып, оны сөндіру кезінде екі адам зардап шекті, олар жеңіл жарақат алған, - деп хабарлады BFM-TV.

Мамандандырылған кәсіпорын зиянды заттарды тасымалдаумен айналысқан. Қызметкерлерді шұғыл көшіру туралы шешім қабылданды. Төтенше жағдай болған жерде қауіпсіз аймақ құрылды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама