31 мамыр 2021 | 16:03

ФТҚ нацистердің Брянскідегі жаншошырлық қылмысын әшкерелейтін құжатты жариялады

Фото: ©РИА Новости

Ресейдің Брянск облысы бойынша ФСБ басқармасы Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО аумағындағы ең ірі нацистік лагерьлердің бірі Брянск "Дулаг-142 тұтқындарына қатысты қандай қатыгездіктер жасалғаны туралы мұрағат құжаттарын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Брянск облысы бойынша ФСБ басқармасы Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО аумағындағы ең ірі нацистік лагерьлердің бірі Брянск "Дулаг-142 тұтқындарына қатысты қандай қатыгездіктер жасалғаны туралы мұрағат құжаттарын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

1937 жылдан 1945 жылға дейін тоғыз жыл жұмыс істеген Бухенвальдтағы ең үлкен нацистер лагерлерінің бірінде 56 мың адам өлген. Фашистер "Дулаг-142"-де үлкен қылмыс жасаған: олар Брянскіде болған екі жыл ішінде 40 мыңнан аса адам өлтірілген. Олардың көпшілігі адам төзгісіз жағдайдан қайтыс болған.

Ұлы Отан соғысы басында 1924 жылы Брянск ауданында орналасқан броньды техниканың стационарлық авто жөндеу шеберханасы ретінде құрылған №6 жөндеу базасы ішкі жағына көшірілді. Оның аумағында 1941 жылдың күзінде концлагерь ұйымдастырылған. Ол ресми түрде "Дулаг-142" деп аталды және бастапқыда қызыл әскердің тұтқындарына арналған.

Реклама
Реклама

1942 жылғы наурыздан бастап Брянскке іргелес ауылдардың бейбіт тұрғындарын да осы жерге жинай бастады. Сонымен қатар, лагерьде 80 мыңға жуық адам болды. Бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлер бірге тұрған. "Дулаг-142" құрама-жіберу пункті ретінде де қызмет етті, сол жерден еңбекке қабілетті халықты мәжбүрлі түрде Германияға жұмысқа айдап әкетті.

Қазір жарияланған құжаттар ішінде 1945 жылғы 28 қыркүйектегі Брянскідегі неміс басқыншылары келтірген залалды анықтау жөніндегі комиссия актісі бар.

"Лагерьде оннан аса казарма болды (бейбіт жағдайда). Әрбір осындай казармада 1200-1500 адам төрт қабатты ағаш тақтайшаларға орналастырылған", - делінген актіде.

Хабарламадағы мәлімет бойынша, нацистер адамдарды жасы мен жынысына қарамастан ұрып-соғып, азаптаған.

"Немістер осы лагерьге түскендердің бәрін бірдей қорлап, азаптаған. Барлық "қателіктері" үшін оларды резеңке қамшымен сабаған. Мысалы, егер әскери тұтқын қатардан қалса, оны ұрып-соғудан басқа тамақтан да айырған", - делінген құжатта.

Лагерьде газ камераларының орнына адам төзгісіз жағдай орнатқан, оның салдарынан адамдар азаптанып өлімген. Жарияланған құжаттарға сәйкес, тұтқындардың 80 пайызға дейінгі бөлігі аштықтан, ұрып-соғу және жұқпалы аурулардан қайтыс болған.

"Лагерьде тамақ ретінде: таңертең қайнаған су (шай) және нан, ересектерге 200 грамм, балаға 100 грамм, кешкі сағат бес-те қарақұмық ұнынан дайындалған "баланда" ересек адамға - 1 литр, балаға - жарты литр. Бұлай тамақтану ауруға, кейін өлімге әкелді", - мұндай айғақтарды куәгерлер келтірген.

Осы уақытқа дейін лагерьде тек әскери тұтқындар болған кезде, тамақтандыру одан да жаман болған.

"Оларға дұрыс піспеген қарақұмық немесе шикі көкөніс қалдықтары берілген. Одан асқазан аурулары пайда болды, кейде тіпті ештеңе бермеген", - дейді куәгерлер.

Казармаларда лас, ылғал, суық болған. Сонымен қатар, адамдар мәйіттермен бірге бірнеше күн бойы жатуға мәжбүр болған. Себебі оларды шығарып үлгермеген. Жұқпалы аурулар, соның ішінде іш сүзегі мен дизентерия эпидемиясы аштықтан, суықтан басталған. Нацистер науқастарға дәрі-дәрмек те, тамақ та бөлген жоқ.

Мұндай режимнен бірінші болып мектеп жасына дейінгі балалар, кейін ересектер, әсіресе қарттар қайтыс болған. Күн сайын кем дегенде 100-150 мәйіт арбаларға салынып, полигонға шығарылды, бұл құжаттарда көрсетілген.

Брянск процесінің құпия материалдарында 1942 жылдың наурызынан бастап бейбіт тұрғындар лагерьге көп әкелінгені көрінеді. Осылайша нацистер аумақты тазартқан.

Құжаттарды бірінші болып бүкілресейлік мектеп шығармалары байқауының жеңімпаздары, Брянск энергетикалық машина жасау және радиоэлектроника техникумындағы "Дулаг-142" туралы тақырыптық мұражайдың бастамашылары, құжаттарды іздеуге қатысқан жас мұрағатшылар, жаппай жерлеу орнын тапқан іздеушілер, жас мұғалімдер, Брянск университеттерінің студенттері көрген.

РИА Новости таныстырған материалдардың ішінде 1945 жылы 22 қазанда Брянск облыстық комиссиясының мүшелері қол қойған неміс басқыншыларының қатыгездігі туралы деректер жазылған акт бар.

Комиссия қорытындысына сәйкес, сол кезде Брянск және Брянск ауданы бойынша 18 мың бейбіт тұрғын ажал құшқаны белгілі болды.

"Неміс әскери билігі Брянск қаласы мен Брянск ауданына кіргенде бейбіт тұрғындарды - қарттарды, әйелдер мен балаларды жаппай тұтқындап, көзін жоюға кірісті", - делінген құжатта.

Қатыгездікпен адам өлтіру деректері бөлек келтірілген. Мысалы, Верхний Судок шатқалының баурайында атылған бейбіт тұрғындардың мәйіті көмілген шұңқырлар табылды (бір шұңқырдың өзінен 3,5 мың мәйіт табылды).

"Орман сарайлары деп аталатын аумақта Рoща шатқалында (Брянск қаласының шығыс бөлігі) шұңқырлардан 1215 мәйіт табылды. Брянск II ауылының маңында Брянскіден Карачевке апаратын жолдың оң жағында қарттардың, әйелдер мен балалардың, негізінен еврей халқы мен сығандардың 7500 мәйіті табылды", - делінген актіде.

Комиссия мүшелері "Мәйіттерді тексеру кезінде "бейбіт тұрғындарды жабайы қудалау" деректері анықталды" деп жазды.

"Мәйіттердің көбінің жағы сынған, кейбіреуінде ауыз қуысы бетіне дейін жыртылып, көз алмасы алынған, сонымен қатар тұншықтыру іздері бар мәйіттер де болды", - делінген құжатта.

Делелдердің көбі немістердің еврейлерді, сығандар мен коммунистерді ұстап, оларды бір-бірінен жарты метрден екі метрге дейін байлап, мина алаңына жару үшін апарғанын көрсетті.

Нацистер қолданған қатыгез жазалау әдістерінің бірі - иттерге талату. Актіде Брянск қаласының тұрғыны Зимакова келтірген мысал бар. Ол 1942 жылы тамызда көшедегі фашистер жүк көлігінен ер адамның жан дауысы шыққанын естіген.

"Біраз уақыттан кейін немістер көліктен үлкен итті шығарды, үсті-басы қан. Ит көліктегі адамдардың бірін талап, жарып тастады", - деп еске алған Зимакова.

Клинцы қаласының маңында 10 мың бейбіт тұрғын азапталып, қаза тапқан. Фашистер сәбиллерді басымен ағашқа ұрып өлтірді немесе бірін екіншісіне ұрып, шұңқырға лақтырған.

Сонымен қатар, Ресейдің тергеу комитеті Брянскідегі нацистік "Дулаг-142" концлагерінде қайтыс болған адамдардың мәйітін іздеумен айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная