11 қыркүйек 2019 | 16:00

Гагаринді ғарышқа ұшырған академик қайтыс болды

© podrobnosti.ua

Ғарыш саласындағы еңбектердің авторы, РҒА (Ресей ғылым академиясы) академигі Тимур Энеев 95 жасында 8 қыркүйекте қайтыс болды. Оның есептері мен сызбалары 1961 жылы Юрий Гагаринді ғарышқа ұшыру кезінде қолданылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ғарыш саласындағы еңбектердің авторы, РҒА (Ресей ғылым академиясы) академигі Тимур Энеев 95 жасында 8 қыркүйекте қайтыс болды. Оның есептері мен сызбалары 1961 жылы Юрий Гагаринді ғарышқа ұшыру кезінде қолданылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

1950 жылдары Энеев көпсатылы зымыранның бағдарын басқару мәселесімен айналысты. Оның бұл еңбектері 1957 жылы Жердің алғашқы жасанды спутнигін ұшыруға пайдасын тигізді. Ғалым атмосфераның жоғарғы қабаттарында ұшу кезінде жер серіктің орбитасын өзгерту әдістерін әзірледі. Ол ғарыш аппаратының баллистикалық түсіру кезінде артық жүк пен жоғары температура ғарышкердің өміріне қауіп төндірмейтінін көрсетті. Осы жаңалық ғарышқа бірінші адамды ұшыру кезінде ескерілді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Энеев планетааралық аппараттарды екпіндеу схемасын әзірледі, онда олар уақытша Жердің жасанды серігі болады. 2007 жылы Энеев мектептерде дінді оқытып, діншілдік бойынша ғылыми дәрежелерін тану ұсынысын жасаған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная