Гаити билігі "Мэтью" дауылынан 300-ден аса адамның қаза болғанын растады

©REUTERS/Carlos Garcia Rawlins

Гаитидегі "Мэтью" дауылыны? ??рбандары 300 адамнан асты, - деп хабарлайды ВВС елді? ?кіметі тарат?ан а?парат?а с?йеніп.

Гаитидегі "Мэтью" дауылының құрбандары 300 адамнан асты, - деп хабарлайды ВВС елдің үкіметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Құрбандардың нақты саны әзірше белгісіз қалып отыр, бұған құтқарушылардың шалғай аудандарға жете алмай отырғандығы себеп болып тұр.


©REUTERS/Alexandre Meneghini

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 6 қазанда таңғы уақытта Гаити үкіметі 23 адам қаза болғанын хабарлаған. Ал бейсенбіден жұмаға қараған түні 283 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.


©REUTERS/Carlos Garcia Rawlins

Дауылдан Гранд-Анс департаментінің әкімшілік орталығы Жереми қаласында ғимараттардың 80 пайызы қираған. Өзге жерлерден гөрі дәл осы департамент көбірек зардап шеккен. Елдің оңтүстігіндегі Рош-а-Бато қаласының өзінде ғана 50 адам қаза болған. 


©REUTERS/Carlos Garcia Rawlins

Елдің үкіметі дауыл салдары Гаити үшін ауыр зардаптар әкелгенін айтады: көпірлер мен жолдар қирап, ағаштар тамырымен жұлынған. Қирандылар құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.


©REUTERS/Alexandre Meneghini

Осы уақытта дауыл АҚШ-тың атлантикалық мұхиттағы жағалауына жетті. Миллиондаған адам бұл аймақты тастап кеткен. АҚШ президенті Барак Обама Флорида, Оңтүстік Каролина және Джорджия штатында төтенше жағдай жариялады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама