17 қараша 2021 | 18:01

Гаити Президентін өлтірді деген күдікті Түркияда ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жовенель Моиз. Фото ©REUTERS

Гаити президентінің өліміне қатысты тағы бір күдікті Түркияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гаити президентінің өліміне қатысты тағы бір күдікті Түркияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сайтына сілтеме жасап.

Гаити президенті Жовенель Моизге қатысты қастандық жасады деген күдікпен, Interpol арқылы іздеу жарияланған кәсіпкер Самир Хандал АҚШ-тан Иорданияға барар жолда ұшақ ауыстыру кезінде Ыстамбұл әуежайында ұсталды.

"Түркия министрі, менің досым Мевлют Чавушоглумен телефон арқылы сөйлестім, президенттің өлімін тергеуге қызығушылық танытып, Самир Хандалды тұтқындағаны үшін Түркияға алғыс білдірдім", - деді Гаитидің сыртқы істер министрі Клод Джозеф.

Реклама
Реклама

Түркиядағы БАҚ-тың хабарлауынша, қазір Хандал Ыстамбұл түрмесінде, ол онда шешім қабылдағанға дейін 40 күн болады.
Еске салайық, Гаити Республикасының президенті Жовенель Моиз 2021 жылдың 7 шілдесінде Петионвилл қаласында қаза тапты. Саясаткерді жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат шамасында жеке резиденциясының аумағында белгісіз қаскүнемдер атып кетті. Моизаның әйелі де зардап шегіп, Майами ауруханасына түсті.

Гаити билігі бұл іс бойынша 40-тан аса адамды, соның ішінде Колумбияның 18 азаматын, сондай-ақ, осы операцияға қатысқан төрт полиция қызметкерін ұстады. Гаити полициясы Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Венделла Кок-Телоттың президентті өлтіруге қатысы бар деп күдіктенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная