ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2021 | 11:02
Гаити президентін өлтірді деген күдіктілер ұсталды
Гаити президенті Жовенель Моизді өлтірді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deccan Herald сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Гаити президенті Жовенель Моизді өлтірді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deccan Herald сайтына сілтеме жасап.
Гаитидің қоғаммен байланыс жөніндегі хатшысы Франц Эксантус Twitter-парақшасында күдіктілерді Ұлттық полиция жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6-да ұстағанын жазды.
Гаити полициясының басшысы Леон Шарль қауіпсіздік күштері адам өлтірді деген күдікпен төрт жалдамалы жендетті атып, тағы екеуін ұстағанын айтты. Шарльдің айтуынша, шабуылдаушылар үш полиция қызметкерін кепілге алған, бірақ Порт-о-Пренс операциясында олар босатылған.
Гаити Үкіметі басшысының міндетін атқарушы Клод Жозеф халыққа жағдай бақылауда екенін айтып, тыныштық сақтауға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Гаити президенті Жовенель Моиздің резиденциясына шабуыл жасалып, ел басшысы ауыр жарақат алып, қаза болғаны хабарланған болатын. Кейін елдің бірінші ханымы жарақат алғаны белгілі болды. Гаитидің АҚШ-тағы елшісі Бокчит Эдмонд Моиздің әйелін АҚШ-қа емделуге әкелу үшін чартерлік рейс жібергенін мәлімдеді.
53 жастағы Джовенель Моиз 2016 жылы президент болып сайланды және 2017 жылдың 7 ақпанында қызметке кіріскен.
Гаити - Кариб теңізіндегі елі және Америка құрлығындағы ең кедей ел. Халықтың 60 пайызы күніне екі доллардан (шамамен 853 теңге) аз аақшаға өмір сүреді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также