17 қазан 2021 15:59

Гаитиде АҚШ-тан келген 17 христиан миссионері мен олардың отбасы мүшелері ұрланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
vokrugsveta.ru

Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласында АҚШ-тан келген 17 христиан миссионері мен олардың отбасы мүшелері ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласында АҚШ-тан келген 17 христиан миссионері мен олардың отбасы мүшелері ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

New York Times миссионерлерге балалар үйінен шыққан кезде шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Анық-қанығы әлі белгісіз, бірақ басылым адамдарды әуежайға бара жатқан автобустан ұрлап кеткенін хабарлады.

Сондай-ақ, бұл істің артында бір "банда" тұрғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Гаити бірнеше жыл бойы "саяси дүрбелеңді" бастан кешірді, байларды да, кедейлерді де ұрлау жиі кездеседі", - деп жазды New York Times газеті.

Мақалада америкалықтардың осындай үлкен тобына қатысты болған оқиға шенеуніктерді таңғалдырғаны айтылған. 

Кейін АҚШ үкіметі Гаитиде америкалықтар ұрланды деген ақпараттан хабардар екені айтылды.

Haiti24 сенбіде Гаитиде ұрланған христиан миссионерлерінің арасында бір канадалық бар екенін мәлімдеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram