08 ақпан 2021 | 08:43

Гаитиде мемлекеттік төңкерістің жолы кесілді

Фото Reuters

Гаити құқыққорғау органдары елдегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды. Бұл туралы президент Жовенель Моиз Туссен-Лувертюр халықаралық әуежайында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гаити құқыққорғау органдары елдегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды. Бұл туралы президент Жовенель Моиз Туссен-Лувертюр халықаралық әуежайында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Ресми биліктің мәліметінше, мемлекеттік төңкеріске жергілікті арнайы қызметтер кедергі келтірді. Қастандық жасаушылар мемлекет басшысын өлтіріп, әскери төңкеріс жасауды жоспарлаған. Барлығы 20 адам ұсталып, олардың қаруы тәркіленген.

Реклама
Реклама

Әділет министрі төңкерісті дайындауға биліктің жоғары лауазымды өкілдері қатысқанын атап өтті. Гаити ұлттық полициясының директоры Леон Чарльз тұтқындардан қолма-қол ақша мен бірнеше қару-жарақ, соның ішінде мылтық, пулемет және мачете тәркіленгенін айтты.

"Бұл адамдар Ұлттық сарайдың қауіпсіздік өкілдерімен, президентті қамауға алу, сондай-ақ жаңа президентті тағайындауға көмектесу міндеті жүктелген жоғары лауазымды тұлғалармен байланысқа шыққан", - деді премьер-министр Джозеф Джут.

Айта кету керек, бұл төңкеріс елдегі алғашқы оқиға емес. 2018 жылы белгісіз біреулер ел президенті Жовенель Моизге қастандық жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная