14 желтоқсан 2021 | 09:35

"Ғалам аруы" атағын жеңіп алған үнді қызы қалай өмір сүреді?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© instagram/harnaazsandhu_03

2021 жылы "Ғалам аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы үндістандық 21 жастағы Харнааз Сандху болды. Израильде өткен финалда ол әлемнің 79 елінен келген қарсыластарын басып озды. "Лента.ру" бойжеткеннің Instagram желісін қарап шығып, әлемнің басты сұлуы қалай өмір сүретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ғалам аруы" атағының жаңа иегері 17 жасынан бастап сұлулық байқауларына қатысқан. 2017 жылы Харнааз Сандху "Чандигарх аруы" атағын жеңсе, екі жылдан кейін "Фемина аруы Индия Пенджаб" байқауында бірінші орын иеленген. 2021 жылдың қыркүйегінде ол "Дива аруы" байқауында жеңіске жеткен, онда "Ғалам аруы" байқауына жолдама ұтып алды. 

Реклама
Реклама

Сандху Үндістанның солтүстігіндегі Чандигарх қаласында туып-өскен. Басты шабыт сыйлайтын анасы гинеколог мамандығын игерген.

Бойжеткен тамақ әзірлегенді ұнатады, атқа мініп, йогамен айналысады, би билейді, шахмат ойнайды. Оның сүйікті сөзі: "Бір күні бүкіл өміріміз көз алдымыздан өтеді. Біз соны көруге тұрарлық етуге тырысуымыз керек."

Сондай-ақ, Харнааз Сандху киноға түседі. Ол жақында экранға шығатын екі Пенджаб фильмінде басты рөлді сомдаған. Ол Голливуд жұлдызы Приянка Чопраны үлгі етеді.

"Өзіңді басқалармен салыстыруды доғар, ал енді әлемде болып жатқан маңызды мәселе туралы сөйлесейік", - деп шақырады сұлулық ханшайымы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram