17 желтоқсан 2021 | 10:00

"Ғалам аруы" байқауына қатысқан жапон қызы киімі үшін сынның астында қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

"Ғалам аруы - 2021" сұлулық байқауының Жапониядан келген қатысушысы Юри Ватанабе көрермендерге ұсынған образы үшін сынның астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OBOZREVATEL сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ғалам аруы - 2021" сұлулық байқауының Жапониядан келген қатысушысы Юри Ватанабе көрермендерге ұсынған образы үшін сынның астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OBOZREVATEL сайтына сілтеме жасап.

26 жастағы модель дефилеге заманауи кимоно киіп шықты. Ол империя отбасының символы саналатын хризантема бейнеленген белбеу таққан. Киімді израильдік дизайнер Авиад Арик Херман жасаған.

Реклама
Реклама

Пікір білдірушілерге оңнан солға қарай жабылған ұлттық костюм ұнамады. Жапонияда бұл әдіс дәстүрлі түрде марқұмдарға байланысты қолданылатыны белгілі болды. Олардың айтуынша, оның бұл образы - "Жапонияны қорлау".

"Менің ойымша, көйлек дизайнері Жапонияны білмейді. Басқа елдің мәдениетін білу және басқаларға құрмет көрсету - ең маңызды нәрсе", - деп жазды желі қолданушысы.

"Дизайнер өз идеясынан бас тартқанын қалаймын. Кимоно марқұмдарға қолданылатын жағына киілген. Хризантема - империя отбасының символы және дәл бұлай қолданылмайды. Менің ойымша, кейбіреулер бұл бейнені Жапонияға құрметсіздік деп санауы мүмкін", - деді тағы біреуі.

Сонымен қатар, байқауға қатысушы кеудесіндегі татиуровка үшін сынның астында қалды, бұған Жапонияда тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная