Ғаламшардағы ең жасы үлкен адам 112 жасында қайтыс болды

Нью-Йорк тұрғыны Александр Имич Гиннес рекордтар кітабы бойынша ресми түрде ғаламшардағы ең жасы үлкен ер адам болып саналады. ©REUTERS

АҚШ-та Гиннес рекордтар кітабы бойынша әлемдегі ең жасы үлкен ер кісі қайтыс болды, деп хабарлайды NBC News.

Нью-Йорк тұрғыны Александр Имич 112 жасқа келгенде қаза болды. Ол 1903 жылы Полшада дүниеге келген. Өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдары ол АҚШ-қа көшіп келген. Химик болып жұмыс істеген. Сәуір айында Гиннес рекордтар кітабының сарапшылары туған жылы туралы құжатқа сәйкес, оны ең жасы үлкен ер кісі деп таныған. 

Александр Имич соңғы рет 2014 жылы 9 мамырда Reuters агенттігіне сұхбат берген. Ол өзінің тамақтану тәртібі мен денсаулығы, көңіл-күйі туралы айтқан. Имич ішімдік ішпеген, жас кезінде спортпен белсенді шұғылданған. 

Реклама
Реклама

Ең жасы үлкен Имич өзінің атағын өзінен бір күн кейін туған 111 жасар жапондық Сакари Момойға берді. Жер шарындағы ең жасы үлкен адам болып әлі күнге дейін жапондық Мисао Окавой сақталып тұр. Ол 116 жыл өмір сүрген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама