ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мамыр 2020 | 09:08
Ғалымдар COVID-19-ға байланысты болжам жасайтын сайттан Қазақстанды алып тастады
Сингапур технология және дизайн универсиеті және Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары коронавирустың аяқталу мерзімін шынайы уақыт режимінде бақылап отыратын сайттан Қазақстан туралы мәліметтерді өшіріп тастаған.

Сәуірдің соңында сайтта Қазақстандағы коронавирус пандемиясы 2 маусымда 97 пайызға, ал 14 маусымда 99 пайызға, ал жалпы 28 шілдеде толық аяқталатыны туралы мәлімет шыққан.
Алайда 3 мамырдағы жаңартылған болжам бойынша бұл мәлімет жоқ. Ал Қазақстанның өзі тізімнен шығып қалған.
Осыған байланысты сайт авторлары тізімнен шығып қалған елдерге бұған дейін жарияланған болжамдардан бас тартуды ұсынған. Одан бөлек, сингапурлық ғалымдар дүние жүзінде бұған дейін коронавирус пандемиясының 2020 жылдың 1 желтоқсанында аяқталу мерзімін 14 желтоқсанға ауыстырған.
Ғалымдардың болжамы бойынша, Ресейде коронавирус 17 тамызда аяқталады. Бұған дейін болжам бойынша 20 шілде болған.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4049-ға жетті. Оның ішінде 1173 адам жазылып шықса, 29 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также