08 желтоқсан 2021 | 12:00

Ғалымдар "омикрон" штамының суретін жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Гонконг университеті электронды микроскоптың көмегімен түсірілген "омикрон" штамының суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гонконг университеті электронды микроскоптың көмегімен түсірілген "омикрон" штамының суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Медицина факультетінің ғалымдары, соның ішінде патология және вирусология саласындағы мамандар SARS-CoV-2 "омикрон" штамын жұқтырған маймылдан бүйрек Vero E6 жасушасының электронды микросуретін түсірген. Университет жақыннан және алыстан алынған үлкен суреттерді жариялады.

Реклама
Реклама

Зерттеушілер суретті жақындатқанда кішкентай қара вирустық бөлшектерден тұратын ісінген көпіршіктері бар жасушалардың зақымдануы көрсетілгенін түсіндірді. Жақын фотосуретте бетінде тәж тәрізді ұштары бар вирустық бөлшектердің агрегаттары көрсетілген.

Ұлыбританиялық вирусологтардың пікірінше, жаңа штамм көптеген мутацияға ұшырауына байланысты адамға өте қауіпті. Лондондық Импер колледжінің өкілі Том Пикоктың айтуынша, басында B.1.1.529 деп аталған штамм "қорқынышты" 32 мутацияны біріктірген, соның комбинациясынан кейін бұл штамм адамға көбірек тарайды. Оған вакцина да қауқарсыз. Бұл нұсқа антиденеден "айналып өте" алады. 

Еске салайық, коронавирустың "омикрон" нұсқасын ДДСҰ сарапшылары "алаңдаушылық туғызатындар" санатына жатқызады, өйткені оның құрамында патогеннің жасушаларды жұқтыруы үшін қажет S-белоктың 32 мутациясы бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная