07 маусым 2022 07:52

Ғалымдар сүт безі қатерлі ісігін емдеудің жаңа әдісін тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Чикагодағы Америка клиникалық онкология қоғамы (ASCO) сүт безі қатерлі ісігін емдеуге арналған жаңа препаратты ұсынды, - деп хабарлайды Medical Xpress тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чикагодағы Америка клиникалық онкология қоғамы (ASCO) сүт безі қатерлі ісігін емдеуге арналған жаңа препаратты ұсынды, - деп хабарлайды Medical Xpress тілшісі.

Препарат тамыр ішіне енгізілетін антиденелер мен химиотерапияның (Enhertu) комбинациясы. Ол қатерлі ісік жасушаларында HER2 ақуызын анықтайды және блоктайды, сонымен бірге жасуша деңгейінде қатерлі ісіктерді өлтіретін күшті химиялық затты шығарады. Enhertu антидене –дәрілік конъюгаттар деп аталатын салыстырмалы түрде жаңа препараттар класына жатады.

Жүргізілген зерттеулерде Enhertu пациенттердегі қатерлі ісіктің дамуын тоқтатты және стандартты химиотерапияны қабылдағандармен салыстырғанда денсаулығы жақсарды.

Реклама
Реклама

"Медициналық көмекті қажет ететін науқастардың дәрі-дәрмекпен емделуін қамтамасыз етіп, содан кейін оларды жіті бақылау керек", - дейді мамандар.

Препарат сүт безі қатерлі ісігін емдеу үшін мақұлданған. Сәуір айында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) оған ғылыми жетістіктер мәртебесін берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram