Гавай аралдарында жер сілкінісі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Гавай аралдарында жер сілкінісі болды Фото:elements.envato.com

Гавай жағалауында 6,2 баллдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметі жерасты дүмпулерінің эпицентрі 43 мыңнан астам халқы бар Хило қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 113 шақырым қашықта болғанын хабарлады. Жерасты дүмпулерінің ошағы 17 шақырым тереңдікте жатты.

Жарнама
Жарнама

Америкалық цунами туралы ескерту жүйесінің хабарлауынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама