Германияның Эбербах қаласында балалар отырған автобус үйдің қабырғасына барып соғысты, - деп хабарлайды РИА Новости Rhein Neckar Zeitung басылымына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, кем дегенде 20 адам зардап шекті. Оқиға таңғы сағат 7-лерде Одельвальдштрассе көшесінде болған.
Оқиға орнында полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем жұмыс істеп жатыр.