Германияда ұшақтар соқтығысып, ұшқыш қаза болды

Германияда ұшақтар соқтығысып, ұшқыш қаза болды

Германияда сенбіде Эркеленц-Кюкховен аэродромының маңында жеңіл моторлы екі ұшақ соқтығысып қалып, ұшқыш қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Германияда сенбіде Эркеленц-Кюкховен аэродромының маңында жеңіл моторлы екі ұшақ соқтығысып қалып, ұшқыш қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ұшақтың бірі құлап, толықтай өртеніп кеткен. 70 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза болған. Ал екінші ұшақтағы 60 жастағы ұшқыш ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 

Төтенше жағдайдың себептері әзірше белгісіз. Екі ұшқыштың да тәжірибесі мол екені және сол күні ауа райының жақсы болғаны айтылады.

Жарнама
Жарнама

Қазіргі уақытта полиция мен федералды қызметтегілер төтенше жағдайға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама