03 наурыз 2022 | 09:06

Германия билігі ресейлік миллиардердің яхтасын тәркіледі

Фото: Forbes.com

Гамбург билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркіледі, - деп хабарлайды Forbes.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Гамбург билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркіледі, - деп хабарлайды Forbes.

Журнал дереккөздерінің мәліметінше, Усмановтың шамамен 600 миллион доллар тұратын 156 метрлік Dilbar яхтасын қала билігі тәркілеген. 2020 жылдың қазанынан бастап яхта Гамбург кеме зауыттарында қайта жабдықтау үшін болған. 

Басылым мәліметінше, миллиардер яхтаны 2016 жылы 600 миллион долларға Lürssen кеме жасау компаниясынан сатып алған. Яхта жеке тапсырыс бойынша 52 ай көлемінде дайындалған. Фирма өкілдері бұл "көлемі жағынан да, технологиясы жағынан да бұған дейін жасалған кемелердің ішіндегі ең қиыны екенін" айтқан.     

Реклама
Реклама

Сыйымдылығы 15 917 тонна, бұл жалпы сыйымдылығы бойынша әлемдегі ең үлкен моторлы яхта және әдетте оның экипажы 96 адамнан тұрады. Dilbar яхталардағы ең үлкен бассейн бар, сондай-ақ екі тікұшақ алаңы, сауна, сұлулық салоны, спортзал және 12 люкс бар.

Усманов Украинадағы жағдайға байланысты санкциялар тізіміне енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная