28 ақпан 2022 | 12:07

Германия қорғаныс шығындарын рекордтық деңгейге арттырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Германия канцлері Олаф Шольц 2022 жылғы бюджеттен Қарулы Күштерге 100 миллиард еуро бөлуге уәде беріп, неміс қарулы күштерін нығайту жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германия канцлері Олаф Шольц 2022 жылғы бюджеттен Қарулы Күштерге 100 миллиард еуро бөлуге уәде беріп, неміс қарулы күштерін нығайту жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы неміс саясаткері Ресейдің Украинаға басып кіруіне Германияның әрекетіне арналған парламенттің кезектен тыс отырысында мәлімдеді. Шольц бұл шығындарға Германия қарулы күштері үшін инвестициялар мен қару жобалары кіретінін айтты.

Сонымен қатар, Германия жыл сайын қорғаныс бюджетіне жарналарды арттырып, оны елдің ішкі жалпы өнімінің 2 пайызынан асатын деңгейге жеткізеді.

Реклама
Реклама

"Бостандығымыз бен демократиямызды қорғау үшін еліміздің қауіпсіздігіне көбірек инвестиция салуымыз керек екені анық", - деді Шольц.

Германия НАТО-ның 2021 жылға арналған қорғаныс шығындары жоғары екенін хабарлады және биылғы жылға 53 миллиард еуро бюджетін ұсынды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 3,2 пайызға артты. Шығындар 2020 жылы 51,4 миллиард еуромен шектелген болатын.

Сондай-ақ, Шольц Германияның Украина әскерін қару-жарақпен қамтамасыз ететінін, бұл бұрынғы саясаттан бас тарту екенін айтты.

"Біз Украинаны осындай кезде қолдауымыз керек. Ресей президенті Владимир Путин Украинаға шабуыл жасау арқылы елді картадан өшіріп қана қоймай, еуропалық қауіпсіздік құрылымын бұзып отыр", - деді канцлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная