ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2020 | 14:26
Германия вакцинаның 40 миллион данасына тапсырыс берді
Германия үкіметі жергілікті екі компанияға коронавирусқа қарсы вакцинаның 40 миллион данасына тапсырыс берді, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Германия үкіметі жергілікті екі компанияға коронавирусқа қарсы вакцинаның 40 миллион данасына тапсырыс берді, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Дереккөз мәліметінше, Майнц және Тюбинген қалаларындағы кәсіпорындар екі түрлі вакцина шығарған. Олардың біреуі клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Ол сәтті аяқталса, бұл вакцинамен ең алдымен Германия қамтылады дейді.
Үкімет COVID-19 дертіне қарсы вакцинаны шығаруға 750 миллион еуро бөлген болатын. Халық асыға күткен бұл дәрі қашан шығатыны әлі белгісіз. Германия денсаулық сақтау министрінің болжамынша, вакцинаны келесі жылдың басында кеңінен қолдана бастайды.
"Әркімнің еркі білсін. Қаласа, жасайды, қаламаса, зорлық жоқ. Бірақ біз көздеген мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын. Германия тұрғындарының көбісі екпе ектіруге қарсы емес. Біздің есебімізше ұжымдық иммунитетке жету үшін халықтың 55-60 пайызына екпе жасау қажет. Мен білсем, азаматтар белсенділігі сол межеге апарады", - деді Германияның денсаулық сақтау министрі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также